- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Отбасында ақшаны кім...
Отбасында ақшаны кім ұстау керек? Қаржыгер жауап берді
15 жылдық тәжірибесі бар қаржыгер Кунекей Нұрлан "Мамский әңгіме" бағдарламасында әйел адамның қаржы сауатына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның сөзінше, көп жағдайда әйел тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуіне қаржылық жағынан тәуелді болып қалады.
"Бұл - өте өзекті проблема. Тіпті гигиеналық төсенішке де жұбайынан ақша сұрау. Ата-енесімен тұратын кейбір әйел адамдар жалақысын, стипендиясын - барлығын ата-енесіне беріп қою деген бар. Өзінің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген. Әйел адам үшін патриархалдық қоғамда өмір сүргеннен кейін кіріс көзінің көбі ер адамдардың қолында. Әйел адам үй шаруашылығын ұйымдастырумен айналысады", - дейді маман.
Бұл орайда сарапшы қыздарға кеңес берді.
"...Отбасын құрар алдында, тұрмысқа шығар алдында өзіңіздің жақсы көретін жарыңызбен сөйлесіп алуыңыз керек. Қаржылық сұрақтарды қалай бөлесіздер, кім қаржы директоры болады? Жарайды, бас директор күйеуіңіз болса, қаржы директоры сіз бола аласыз немесе күйеуіңіз бола алады. Отбасылық рольдерді анықтап алып, ашық сөйлесу керек", - дейді сарапшы.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова