- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Отбасын құрмағандарға кеңес...
Отбасын құрмағандарға кеңес айтқан Дәурен Айдарқұлов сынға қалды
Танымал актер Дәурен Айдарқұлов отбасын құрмағандарға кеңес айтып, сынға қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті.
"Менің айналам, анам, достарым мені бала кезімнен сабырлы адам деп санайды. Иә, мен өзімді солай санаймын. Маған үнемі мен сияқты сабырлы адамға өте белсенді, епті, жылдам әйел керек сияқты көрінетін. Бірінші және екінші әйелдерім сондай болды. Менің басымдағы осы парадигма өзгергенде қалай таңғалғанымды елестетіңізші. Сабырлы еркекке сабырлы әйел, ал ептіге епті әйел керек екен. Ғалымдар мұны дәлелдеді және мұндай некелердің бақытты болатыны туралы статистика бар. Сондықтан бойдақтарға "өз теңіңізді іздеңіз" деген кеңес бергім келеді", - дейді Айдарқұлов.
Желі қолданушылары актердің мұндай кеңесіне түрлі пікір қалдырған.
"Құдай қосса, "апама жездем сай" қылып қосады, қабырға қисық болғандықтан ар жағын ақылыңмен, кейбір кемшіліктерін көрмей, екі аяқтың сыңарындай өмірге қадамдайсың", "Әйел - бізге берілген аманат. Жаманын жасырып, жақсысын асыру керек", "Мына ақыл етікші етікке жарымағаның керісі" емес пе?", "Кеңес берместен бұрын өзіңді түсініп алшы", - деп жазған олар.
Еске салайық, бұған дейін актер неге ажырасқанын және тағы үйленгісі келетінін айтып, мәлімдеме жасаған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек