Блогер Айжан Байзақова сүйінші жаңалықпен бөлісіп, келінін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер Айжан Байзақованың туған інісі Алихан Байзақов үйленді. Бұл туралы блогер өзінің инстаграм-парақшасында хабарлады.
"Біздің отбасыға қош келдің! Біз сені қатты күттік. Сондай нәзік, әдемі, менің інімді шын жақсы көретін және адал жан. Сен маған келін емес, сүйікті сіңілімсің. Мен сендерді әрқашан қолдаймын. Мен осы үшін түнімен ұйықтамадым, бұл менің туған күніме ең керемет сыйлық". - деп жазды блогер Айжан Байзақова.
Еске салайық, блогер жақында Астанаға көшіп кетті. Ол жаңа қаладағы өмірінің қиыншылықтарын бөліскен болатын.