- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Отбасымен Сирияға кетіп,...
Отбасымен Сирияға кетіп, ДАИШ құрамында болған қазақстандық ұсталды
Ұлытау облысы тұрғындарының бірі терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздырып, лаңкестік топтың әрекетіне қатысты деген күдікке ілінген еді. Осы дерек бойынша қылмыстық іс аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлытау облысы Сәтбаев аудандық соты оны айтылған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды.
"Сотталушы 2016 жылы отбасымен бірге Сирияға барып, онда "ДАИШ" (Қазақстанда тыйым салынған) құрамында болғаны анықталды. Қабылданған шаралар нәтижесінде содыр шетелде жүрген жері анықталып, шетелдік серіктестер көмегімен оны ұстауға және 2023 жылғы маусымда Ұлттық қауіпсіздік жасағы Қазақстанға жеткізуіне мүмкіндік туды", - делінген хабарламада.
22 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова