Отбасылық жанжал: Рахат Тұрлыхановқа қатысты іс қалай аяқталды?

Бұрынғы әнші Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжал үшін жазадан құтылып кетті. Оның жұбайы шағымынан бас тартты. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицияның мәліметінше, Рахат Тұрлыхановқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Соталды тергеу барысында оқиғаның мән-жайы жан-жақты зерттеліп, материалдар жиналған.

"Арызданушы шағымынан және істі одан әрі қарауға қатысудан бас тартты, соған байланысты қылмыстық іс заңды негізде тоқтатылды", - деді ведомство өкілі.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде танымал әнші Рахат Тұрлыханов жұбайын ұрды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!