- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Отбасылық жағдай болды"....
"Отбасылық жағдай болды". Балжан Бидаш неліктен сахнадан қол үзіп қалғанын айтты
Фото:
әлеуметтік желі
Әнші Балжан Бидаш "1001 түнде" бағдарламасында қанша уақыт өнерден қол үзіп қалғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, отбасылық жағдайларға байланысты ән айтудан алыстаған.
"3-4 жылдай болды (ән айтпағанына - еск.). Бәрібір жаным сахнаны қалайды, ата-анам - музыкант, өнерлі отбасында өстім. Сондықтан бұл мен үшін Құдайдың берген сыйы деп білемін. Көбі біледі, тұрмыс құрғаннан кейін отбасылық жағдай болды. Кішкене үзіліс деп айтсам болады", - дейді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова