Ұй болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Ұрыс-керістен қорқудың қажеті жоқ, себебі кез келген жанжал – екі жаққа да ұнамайтын жағдайды өзгертудің және жиналып қалған проблеманы шешудің бір жолы. Алайда қарым-қатынасты анықтау бақылаудан шығып кетсе, бұл жақсылыққа әкелмейді. Қажет емес ұрыстардың қалай алдын алуға болады?
Уәдені орындау
Егер уәде берсеңіз, сөзіңізде тұрыңыз. Тіпті, ол үйдің шаңын сорып шығу, баланы балабақшадан алу секілді тұрмыстық нәрселер болса да, айтқан сөзіңізде тұруға тырысыңыз. Себебі уәдені бұзу кез келген қарым-қатынастағы құрметті және сенімді бұзады. Бұл жақындарыңыздың ашуына тиеді. Содан ұрыс басталады.
Не нәрсеге ренжігеніңізді бірден айту
Көпшілік адам іштей ренжіп қалады да, үндемей жүреді. Сондай-ақ кей адамдар оны ұмытып кетемін деп ойлайды. Бірақ реніштер іште жинала береді. Сол үшін де уақытында серігіңізбен ашық сөйлесіңіз.
Кешірім сұрау және достасу
Ұрыстан кейін бір-біріңізден кешірім сұрап, достасыңыздар. Содан соң бір-біріңізге жағымды сыйлық жасаңыз, демалыс ұйымдастырыңыз, гүл сатып алыңыз, дәмді кешкі ас дайындаңыз және т.б. Ұрысып қалғаннан кейін ешеңе болмағандай жүрудің қажеті жоқ.