Биыл Қазақстанда полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңнан астам сигнал келіп түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері "дебоширлерге" қатысты 35 мың әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде сот шешімі бойынша 10 мыңнан аса адам қамауға алынды.
"Белгіленген шектеулерді бұзғаны үшін 7,5 мың "отбасы тираны" әкімшілік жауапқа тартылған. Биыл полиция өмірлік қиын жағдайға тап болған 7,5 мыңнан астам әйелді кризис орталықтарына жіберген. Олардың 2 мыңнан астамы баспанаға орналасты", - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресті күшейту бойынша шаралар әзірленді:
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!