- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Отбасы өміріне әсер...
Отбасы өміріне әсер ететін жағымсыз факторлар белгілі болды
Отбасы өміріне әсер ететін жағымсыз факторлар белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстандық қоғамдық даму институтына сілтеме жасап.
Институт мәліметінше, қазақстандықтар отбасы өміріне әсер ететін жағымсыз факторлар ретінде мыналарды таңдаған: 1) материалдық қиындықтар (50,5 пайыз), 2) мінез үйлесімсіздігі (40,4 пайыз), 3) махаббат болмауы (35,9 пайыз), 4) арада бала болмауы (25,4 пайыз), 5) жеке тұрғын үйдің жоқтығы (23,8 пайыз).
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Кестеде көрсетілген жеті фактордың төртеуі 2020 жылғы сауалнама нәтижелері бойынша да алдыңғы қатарларда болды. 2021 жылы "материалдық қиындықтар" 5,2 пайызға көп дауыс жинады. Сондай-ақ, тағы бір әлеуметтік-экономикалық себеп - "жеке тұрғын үйдің жоқтығы", "зиян әдеттерді" алмастырып, себептердің алғашқы бестігіне кірді.
Екінші жыл қатарынан респонденттердің бестен бір бөлігі жағымсыз фактор ретінде туыстарының отбасындағы өмірге араласуын атады.
Сауалнамаға 1200 адам қатысқан. Зерттеу 14 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қалада жүргізілді. Көрсеткіштердің жиынтығы 100 пайызға тең емес, өйткені респонденттерге таңдау үшін жауаптың бірнеше нұсқасы берілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек