Отбасы институтын нығайту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу: Маңғыстауда аймақтық форум өтті

Отбасы институтын нығайту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу: Маңғыстауда аймақтық форум өтті
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

18 желтоқсан күні Ақтау қаласында отбасы институтын нығайту мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған "Отбасы және қоғам: жаңа мүмкіндіктер кезеңі" атты аймақтық форум өтті, - деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. 

Ауқымды іс-шара облыс әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, Amanat партиясының Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты, жаңаөзендік "Аналар кабинеті" қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

Форумның басты мақсаты – отбасы институтын нығайту, ұлттық тәрбиенің маңызын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам арасындағы өзара серіктестікті жаңа деңгейге көтеру.

Шараға еліміздің әр өңірінен келген делегациялармен қатар, ұлттық және өңірлік комиссия мүшелері, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, көпбалалы аналар, білім саласының өкілдері қатысты. Олардың ішінде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, Қызылорда облысындағы "Анаға тағзым" орталығының директоры, Amanat партиясының Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының төрайымы Алтынай Молжанова бар.

Сондай-ақ Астана, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан арнайы делегациялар келді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі Ұсынған материал

Massaget.kz
Logotype Massaget