- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Отбасы банкінің бейнероликтеріне...
Отбасы банкінің бейнероликтеріне сұраныс артуда
Еліміздегі ипотекалық нарықтағы ең үздік банк "Отбасы банкі" Youtube желісіндегі "Күміс батырмаға" ие болды. Банктің Алматыдағы бас ғимаратында өткен іс-шарада, банк қызметкерлері журналистерге күміс батырмаға қалай қол жеткізгендерін әңгімелеп берді. Биыл "Отбасы банкі" өздерінің қолжетімді өнімдерін пайдаланып, баспаналы болуды көрсететін қазақ және орыс тіліндегі 24 ақпараттық бейнеролик түсіріпті. Қазіргі таңда бұл роликтер интернет желісіне жарияланып, оны еліміздің кез келген тұрғыны тегін көріп, банк өнімдерімен танысуға мүмкіндік алды.
Ипотека академиясының арнайы курстарын бейнелейтін роликтерді "Отбасы банкінің"Youtube арнасынан тамашалауға болады. Роликтер youtube арнасында ең көп қаралым жинады. Ипотека академиясы - бұл бірнеше танымдық роликтерден тұрады. Мұнда баспаналы болғысы келетін тұрғындарға арналған жинақтау өнімдері, мемлекеттік сыйлықақы, алдын ала мақұлдау, несие тарихын тексеру сынды бөлімдер бар. Бұл жоба жыл басында интернет желісіне жүктеліп, бүгінде бейне роликтерді 705 мың адам тамашалады.
Отбасы банкінің басқарма төрайымының орынбасары Нұрлан Ақшанов, ипотека академиясының қалай басталғанын айтты.
Ол: "Біздің 24 танымдық бейнероликтер тәулік бойы тегін, әрі қолжетімді. Біздің мақсатымыз - тұрғындарымыздың қаржылық сауаттылығын арттыру мен банк өнімінің қолжетімді болуын жеңілдету. Еліміздің интернетте отыратын кез келген тұрғыны біздің сабақтарды көріп, өзіне қажетті ақпаратпен жылдам әрі сапалы қамтылады. Бұл роликтерден алған білім әрбір адамның тұрғын үй мәселесін өзі реттеуіне мүмкіндік береді", - деді.
Сонымен қатар "Отбасы банкі" әр адамның қаржылық сауатын арттыруға бағыттаған жаңа бейнероликтерді түсіруде. Бір қызығы бұл роликтерге түсуге отбасы банкінің өз қызметкерлері қатысты.
"Отбасы банкінің" Маркетинг департаментінің директоры Мирас Мұратов алдағы жоспары жайлы айтты.
Ол: "Біздің Отбасы банкінің қызметкерлері күш салған бейнероликтеріміз үлкен сұранысқа ие болды. Арнамызға жазылушылар күннен күнге артуда. Қазір арнаға жазылушылар саны 100 мың адамнанасты. Осылайша біз бүгін Youtobe арнасының "Күміс батырмасына" ие болдық. Біз қазір танымал Ninety One тобымен танымдық 5 бейнероликті түсірдік. Алдағы уақытта көпшілікке ұсынатын боламыз. Топ мүшелері қаржылық сауаттылық туралы өз басынан өткен оқиғаларымен бөліседі", - деді.
Отбасы банкінін Youtobe арнасында "Ипотека академиясы" "Өзіміз шәй ішейік", "Артық сөзсіз", "Үйге барайық" айдарларында банктің барлық өнімдері туралы айтылады. Банктің алдағы мақсаты халықтың қаржылық сауаттылыған арттыруға бағытталады.
Отбасы банкімен бірлесе дайындалған
С. Сатыбалдина