- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Отбасы банк клиенттеріне...
Отбасы банк клиенттеріне мемлекеттік сыйақы қашан түсетіні белгілі болды
"Отбасы банк" АҚ клиенттеріне бүгін, 9 ақпаннан бастап мемлекеттік сыйақы түсе бастайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, сыйақы бүгін, 9 ақпаннан бастап 10-11 ақпан күндері түседі.
Былтыр мемлекеттік сыйақының максимал сомасы 138 мың болса, биыл бұл сома 147 680 теңге болып отыр.
"Келесі жылдың басында осы сомадағы қаражат сіздің шотыңызға мемлекеттен түссін десеңіз, қазірден бастап қамданыңыз", - деді банк өкілі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан