- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Отау" ипотекалық бағдарламасы...
"Отау" ипотекалық бағдарламасы бойынша қанша адам тізімге өтті?
"Отау" бағдарламасы бойынша 15 000 өтінім сәтті қабылданған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Отбасы банк ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) қатысушылар арасындағы қарбаласты алдын-алу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімін барынша қолайлы етті. Әлеуетті қатысушыларда екі ай уақыт бар, яғни 1 наурыздан 30 сәуірге дейінгі (қоса алғанда) аралықта. Бұл ретте осы кезеңдегі өтінім беру күні мен уақыты маңызды емес.
Сондықтан банк салымшылары өз депозиттерін толықтырып үлгере алады, салымдарын туыстарының депозиттерімен біріктіріп, бағдарламаның шарттарымен мұқият танысуға және содан кейін ғана өтінім беруге уақыттары бар.
Өтінімдер жұмыс күндері сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін қабылданады.
2024 жылдың 3 сәуіріндегі жағдай бойынша, қабылданған өтінімдердің жалпы саны 20 662. Оның ішінде 15 000-ға жуық өтінім сәтті қабылданды, 5 976 өтінім бағдарлама шарттарына сәйкес келмегендіктен қабылданбады.
Өтінімдердің 67 пайызы 35 жасқа дейінгі банк салымшыларынан қабылданғанын атап өтуге болады.
Өтінімдердің басым бөлігі алматылықтардан (3 087 өтінім), Астана тұрғындарынан (2 412 өтінім), Батыс Қазақстан облысының тұрғындарынан (1 304 өтінім), Ақтөбе облысының тұрғындарынан (1 196 өтінім), Шымкент қаласының тұрғындарынан (940 өтінім) қабылданды.
Ал Жетісу (213 өтінім), Түркістан (178 өтінім), Ұлытау (93 өтінім) облыстарының тұрғындарынан өтінімдер аз жолданған.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін тізімді саралау басталады. Яғни, қатысушылардың өтінімдері ең көп жиналған ұпайлар саны бойынша бөлінеді.
Балдар қалай есептеледі?
- салым бойынша сыйақы мөлшері бойынша - әрбір 1 000 теңге үшін 5 балл;
- салым мерзімі үшін – депозит қолданылған әрбір жыл үшін 5 балл;
- тіркелген неке үшін - 10 балл;
- балалар үшін - олардың санына қарамастан 50 балл.
Егер екі қатысушының балдар саны бірдей болса, онда тізімге енгізудегі басымдық салым сомасы көбірек және жинақтау мерзімі ұзағырақ адамдарға беріледі.
Саралаудан кейін клиенттер "Отау" бағдарламасына енгендердің тізімін банк сайтынан көре алады.
Оларға кредиттік өтінім беру үшін шамамен 40 жұмыс күні беріледі. Отбасы банк осы уақытқа дейін қолданыстағы тұтынушылық кредиттерді өтеп үлгеруге кеңес береді, сонда кредитті мақұлдау мүмкіндігі көбірек болады. Төлем қабілеттілігін есептеу кезінде соңғы 6 айдағы ресми табысы ғана емес, сонымен қатар отбасына жұмсалатын міндетті шығындар, сондай-ақ нақты кредиттер бойынша төлемдер ескеріледі.
Егер бағдарламаға қатысушы кредит бойынша оң мақұлдау алса, онда оның баспана іздеу үшін 6 ай уақыты болады.
Алматыда, Астанада, Шымкентте және облыс орталықтарында тек бастапқы нарықтағы тұрғын үйді, оның ішінде ҚТК кепілдігімен үлестік қатысу шарты бойынша немесе сақтандыру құралын пайдалана отырып сатып алуға болады. Барлық басқа елді мекендерде кез келген тұрғын үйді сатып алуға болады.
Бағдарламаға қатысушы бастапқы нарықтағы тұрғын үйді Баспана маркет порталынан (otbasybank.kz) ғана сатып ала алады. Бұл опция жаңа тұрғын үй бағдарламасының басталуы аясында тұрғын үй бағасының жасанды өсуіне жол бермеуге арналған.
Осы платформада орналастырар алдында әрбір нысан тұрғын үйдің ағымдағы нарықтық бағасы негізінде құнын келісу процесінен өтетін болады. Егер ол нарыққа сәйкес келсе, онда құрылыс салушымен 1 шаршы метрге бағаны белгілей отырып, осы тұрғын үйді сату туралы келісім жасалады.
Аудан орталықтарында, моноқалаларда және ауылдарда сатып алуға болатын кез келген тұрғын үй алғашқы нарықтан (егер ол елді мекенде болса) және қайталама нарықтан пәтер, сондай-ақ жеке үй сатып алуға болады. Нысандар банктің кепіл саясатына сәйкес келуі керек. Яғни тұрғын үй 1964 жылдан кейін және белгілі бір материалдардан салынуы керек. Мысалы, банк қаңқалы-қамысты құрылыстарды кепіл ретінде қарастырмайды.
Кредит сомасы қандай?
- Алматы мен Астанадағы максималды кредит сомасы - 30 млн теңгеге дейін;
- қалған өңірлерде - 18 млн теңгеге дейін.
"Отау" бағдарламасы бойынша бір кредит аясында тұрғын үй сатып алу және жөндеу үшін ақша алуға болады. Бірақ кредиттің жалпы сомасы рұқсат етілге ең жоғарғы сомадан аспауы маңызды - Алматы, Астана қалалары үшін 30 миллион теңгеге дейін және қалған өңірлер үшін 18 миллион теңгеге дейін.
Жөндеуге арналған қарыз сомасы кедиттің жалпы көлемінің 30%-ынан аспауы тиіс.
"Отау" бағдарламасы бойынша кредит талаптары:
- бастапқы жарна - 20%-дан бастап;
- кредит бойынша мөлшерлеме - 9% (ЖТСМ 9,2%-дан бастап);
- кредит мерзімі - 19 жылға дейін.
"Отау" бағдарламасына кімдер қатыса алады?
- Отбасы банк салымшылары, оның ішінде тұрғын үйге кезегінде тұрған азаматтар да;
- Отбасы банкте кемінде 18 ай мерзіміндегі депозиті бар адамдар;
- Жинақ шотында өтінім беру сәтінде кемінде 1 млн теңге жинақ сомасы бар адамдар;
- Қатысушының жасы - 18-ден 63 жасты қоса алғанға дейін;
- Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде меншігінде жылжымайтын мүлік (пәтер, үй, коммерциялық жылжымайтын мүлік, кез келген нысаналы мақсаттағы жер учаскесі) болмауы тиіс;
- Алматы мен Астанада тұрғын үй сатып алу кезінде - осы қалаларда тұрақты тіркеу болуы тиіс.
Бағдарламаға "Баспана" депозиті бар адамдар өтініш бере алады. Егер клиентте басқа тарифтік бағдарламалар (Кемел, Болашақ, Өркен және т.б.) бойынша депозит ашылған болса, онда оларды кредиттік өтінімді қабылдау кезеңінде "Баспанаға" тарифтік бағдарламасына ауыстыра алады.
"Отау" бағдарламасына "Табысты", "Арнау" және "Жинақ" депозиттері бар банк клиенттері қатыса алмайды. Бұл депозиттер бойынша тарифтік бағдарламаны өзгерту қарастырылмайды және олар бойынша тек тұрғын үй қарызы беріледі. Ал "Отау" бағдарламасы бойынша тек алдын ала қарыздар беріледі.
Сондықтан алдын ала банктің "Отбасы банк лайт" деп аталатын жаңа мобильді қосымшасында депозит туралы өз сертификатыңызды тауып, сол жерде тарифтік бағдарламаңызды тексеру қажет.
"Отау" бағдарламасын іске асырудың барынша ашықтығы үшін оның қатысушыларының тізімі (кредит алушылардың келісімімен) Отбасы банктің сайтында жарияланатын болады. Әр адамөтінімдерді іріктеу және балдарды есептеу нәтижелерімен otbasybank.kz порталында таныса алады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина