- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Отарда әлімжеттік көріп,...
Отарда әлімжеттік көріп, комаға түскен сарбаз есін жиып, өзіне келді
Отарда әлімжеттік көрген 19 жастағы мерзімді сарбаз есін жиып, өзіне келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қуанышты жаңалықты сарбаздың әкесі Тимур Жаналин хабарлады.
"Бұған дейін халыққа жария етуге батылымыз жетпеді. Бұған дейін біз үшін қиын сәтте жанымызда болып, қолдау білдірген, дұғада болған адамдар үшін жақсы жаңалығымызды бөліскіміз келіп отыр. Сіздердің дұғаларыңыз біз үшін үлкен көмек болды. Көп нәрсе айтуға болады, бірақ біздің эмоциямызды видеодан-ақ көрсеңіздер болады", - дейді Тимур Жаналин.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жатқан сарбаз әлімжеттік құрбаны болған. Әскерде жүргеніне небары 23 күн өткенде қостанайлық 19 жастағы Нұржігіт Әбдіпатта комадан бір-ақ шыққаны хабарланған болатын.
Кейінірек жансақтау бөлімінде жатқан сарбаздың ата-анасы ашық сұқбат берді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина