Көкшетауда есірткі таратқан актер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тінту барысында оның пәтерінен электрон таразы, арнайы жабдықтар және жалпы салмағы 1,5 келіге жететін мефедрон, аlfa-PVP синтетикалық есірткі тәркіленді.
Қылмыстың дәлелдерін зерттеу үшін күдіктінің телефоны тексеріліп, есірткі жасырылған орындардың нақты координаттары анықталды.
Соның нәтижесінде 4500 доза есірткі айналымға түспей, дер кезінде тосқауыл қойылды.
Тергеу барысында күдікті бұған дейін отандық сериалдарға түскені белгілі болған.
"Ол өз кінәсін толық мойындап, қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құзырлы органдар соталды тергеуді жалғастырып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бүгін Мәжілісте есірткіге қатысты заң жобасы мақұлданды. Заңда есірткі құралдарын, психотроп заттарды, олардың аналогтарын өндіру мен оларды сатуды ажыратудың жаңа тәртібі белгіленді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!