Отандық өндірушілер кір жуғыш машина, теледидар және шаңсорғыш шығарады - министр

Үкімет отырысында машина жасау саласын дамыту мәселесі талқыланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев отандық өндірушілер асүй плиталарын, шағын пештер, кір жуғыш машина, теледидар, су жылытқыштар және шаңсорғыш шығаратынын мәлімдеді.

"Біз алдымызға әлемдік брендтер өндірісін елге тарту арқылы халық тұтынатын тауарлар өндірісін арттыру міндетін қоямыз", - деді министр.

Оның айтуынша, Қазақстан электротехникалық машина жасау секторы бойынша трансформатор, аккумулятор, конденсатор және кабельдік өнімдерді экспортқа шығарып отыр.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!