Алматы облысы Алакөл ауданында туған Бауыржан Оспанов өз аулындағы мешіттердің бірінде тегін қымыз тарататын орын ашты. Азаматтың бұл бастамасы Жыланды ауылында ішімдіктің сатылуын тоқтатқан.
Азаматтың былайша қайырымдылық жасауына салауатты өмір салтын және ұлттық сусынды насихаттауға үлес қосу ниеті себеп болған.
Ауылды тегін қымызбен қаматамасыз ету үшін Жыландыда 20 шақты жылқы бапталып, олардың қымызы тікелей мешітке жол тартады. Қымызды әзірлейтін жергілікті тұрғындарға Бауыржан Оспанов өз қалтасынан жалақы төлейді.
Айта кетерлігі, Бауыржан Оспанов Forbes мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанның 50 қалталы кәсіпкерлері қатарына кіреді.
Дереккөзі: NUR.KZ