Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ жылқы тұқымын сақтауға қатысты заңға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мініс және мініс-жегін жылқылардың отандық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - деп хабарлады Ақорда.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!