Елде ғылыми жобаларды коммерцияландыруға арналған конкурс жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Әр жобаға 350 миллион теңгеге дейінгі қаржы қарастырылған. Оған отандық ғалымдар мен кәсіпкерлер қатыса алады. Экономиканың өнеркәсіп, геологиялық барлау, металлургия және экология сияқты салаларындағы инновациялық шешімдерге басымдық беріледі. Байқау талаптарына сәйкес жоба ғылыми циклді аяқтау сатысында болуы қажет.
Ал қосымша қаржыландыру грант сомасының кемінде 20 пайыз болуы керек. Өтінімдерді 9 қыркүйектен 9 қазанға дейін өткізуге болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!