2-3 наурыз аралығында бірнеше мемлекеттік сайт жұмыс жасамайды. Ақпарат «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Фейсбук парақшасында жарияланды.
«Мемлекеттік органдардың серверлік орталығында орналасқан телекоммуникациялық жабдықтарда 2019 жылғы 2 наурыз сағат 21:00-ден бастап 3 наурыз 17:00-ге дейін жоспарлы жұмыстар жүргізіледі», - делінген хабарламада.
Ал жұмысын уақытша тоқтататын интернет-ресурстарының тізімі мынадай:
«Электрондық үкімет» порталы; «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі; «Электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі; «Мобильді үкімет» қосымшасы; «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі; «Техбайқау» міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі; «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры; «Тауарларды таңбалау» сервистік бағдарламалық өнімі»; «Монополист» базасы сервистік бағдарламалық өнімі; Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайты; Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің сайты; Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайты; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайты; Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сайты; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайты; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің сайты; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сайты. Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының сайты; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты.