Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру идеясын жүзеге асыру мақсатында Шымкент медресе колледжінің бастамасымен Шымкент қаласы Жастар Ресурсы Орталығы сарайында Отанды сүю - иманнан атты жас термешілер арасында байқау өткізілді. Қазақстан мұсылмандары дін басқармасының Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тұңғыш рет ұйымдастырылған шараға Өкіл имам Бақтыбай қажы Қыдырбайұлының құттықтау сөзін жеткізуге өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тілеп, Шымкент медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай алғыс білдірді. Аталмыш байқау алдын іріктеу жарыстары ұйымдастырылып, нәтижесінде ақтық сынға 12 жас термеші қатысты. Байқауға жұмысына облыстық және қалалық білім басқармасы, Саз колледжі, қалалық Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияның өкілдері әділқазылық етті. Бірінен бірі озған, кіл мықты үміткерлердің сахнадағы өнері жиналғандарды таң-тамаша етті. Ұлтық рухты асқақтатқан аталмыш жобада бірінші орынды Сынабай Қылышбек жеңіп алды. Екінші орынды Арыстан Рүстем иеленді. Үшінші орынға Тұрғанбек Жұлдызай мен Жуасбек Нұрдаулет ие болды. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан үздіктерге алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.