Қазақстандықтардың шетелде 24,5 мың жылжымайтын мүлкі бар

18 мыңнан астам қазақстандықтың шетелде 24 мыңнан астам жылжымайтын мүлкі бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Жыл басынан бері 2 миллионға жуық басшы, кәсіпкер мен олардың жұбайлары декларацияның үшінші кезеңін тапсырды.

Оның ішінде 6 656 азаматымыздың өзге елде 7  812 көлігі бар екенін көрсетті. 9 521 азаматтың шетелдік банктерде жеке шоты бар.

Сондай-ақ азаматтар декларацияда 60 мыңға жуық елдегі мүлік нысандарын көрсеткен. Әрқайсының құны шамамен 234 млн теңге тұрады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз