- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Осындай да ырым...
"Осындай да ырым бола ма?" Желіде дәстүрге байланысты дау туды
Желіде кішкентай қызды кемпірлердің етегінен өткізген видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Видео Instagram-дағы kazaktin_sulu_kelindery парақшасында жарияланған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушыларының бір бөлігі бұл көрініске шоши қараса, енді бір тобы мұндай ырым барын жазған.
Бұрыннан бар ырым.
Сұмдық масқара, осындай да ырым бола ма?
Көптен күткен перзентін немесе перзенті тұрмай шетінеп кете беретін кезде ырымдап 7 кемпірдің етегінің астынан өткізеді.
(...) бұл - бұрыннан келе жатқан ырым. Баласы тұрмай жүрсе, бес кемпірдің астынан өткізеді, ешқандай жабайылық емес. Ұл болса, атын "Бескемпір" қояды.
Бұл бесік той емес. Қазақтың басқа ырымы. Бала тоқтамай, шетінеп кете берсе, көпбалалы ананың астынан өткізеді.
Бала тұрмаған үйде балдары шетіней берсе, кейінгі туған баланы кемпірдің астынан өткізген. "Өмірі ұзақ болсын" деп. Бесік тойды білмейді екенмін.
Бұл - бұрынан бар ырым, бала тұрмаған үйде үш кемпірдің астынан өткізеді.
Естуім бар, "көз тимесін" деп өткізеді...
Ашық дереккөз мәліметіне сүйенсек, шаңырақта сәби шетіней берсе, "бала тоқтасын" деп, жағымсыз аттар қою дәстүрі бар. Сондай-ақ, балалары бірінен кейін бірі қайтыс болса, шетіней берсе, жеті кемпірдің етегінен өткізетіні айтылады. Бұл орайда ер балаға "Тұрар", "Тұрсын" секілді есімдер қойылған екен. Сонымен қатар, өзге біреуден өтірік сатып алғандай болу туралы да ырым бар. Бұл да "баланың өмір жасы ұзақ болсын" деген сенімнен туғаны келтіріледі.
Ж. Қадыржанова