Күзетпен жүрген әнші Сәкен Майғазиевті Желі қолданушылары сынап тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Видеоны Facebook желісіне Байкал Саимов есімді қолданушы жүктеген. Видеода әнші төрт күзетшімен кетіп бара жатып, көлігіне отырып кеткені көрсетілген.
"Мынаның жүрісін қараңдар, бұған не күзет керек десейші? Бұл жемқор кімге керек соны түсінбей отырғаным? Тағы бұны қаумалап жүргізбей, қыздар "Сәкен" деп айғайлап, жылап жатқан сияқты ма или өзін солай жұлдыз санап, сезініп жүр ме екен? Айналасында бір жанкүйер жоқ әйтеуір, өзімен-өзі қуып жүр, оған ешкім қарамаса да айдалада кетіп бара жатқандарға қолын бұлғап, сүйіп қояды, жаман күлкім пришла", - дейді қолданушы.
Видеоға пікір жазғандардың көбі әншіні қолдаған.
"Сәкен қазақтың біртуар азаматы", "Не болыпты? Жүре берсін, шамаң келсе сен де жүр", "Сіздің шаруаңыз не? Сізге қарағанда ол кісі көп шаруы бітіріп жатыр, интернетте отырып әйелдің әңгімесін айтқанша...", "Сәкендей болып алыңдар", - деп жазды оқырмандар.
Әншіні сынға алғандар да бар.
"Құры мақтану", "Тәп-тәуір жігіт деп ойлаушы едім, ұнамай кетті", "Бұл кім?", "Осындай понт не керек", - дейді Желі қолданушылары.