Танымал әнші Индира Расылхан той үстінде күтпеген жайтқа тап болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, екі жасты алып шығатын кезде флешка жұмыс жасамай қалған.
"Алланың қалауымен қызық-қызық нәрселер бола береді ғой. Екі жасты алып шығуым керек еді, оқып тұрған флешка шығайын деп тұрғанда оқымай қалады ғой. Ойлаш. Мені хабарлап қойған, ал менің әнім жоқ.
Осындай жағдайларда қалай болар едіңіздер?
Мен байсалдымын.
Солай болу керек болған, солай болды", - деп жазды ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ең көп грант қай мамандыққа бөлінді?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!