- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Осыларға не жетпейді?"...
"Осыларға не жетпейді?" Желіде Қайрат Әділгерейдің төбелескен видеосы талқыға түсті
DIETA.KZ тобының әншісі Жасұлан Базарбаев Instagram-парақшасында белгілі актер Қайрат Әділгерейдің белгісіз біреумен төбелескен видеосын жариялады. Видео Желіде қызу талқыға түсті. Пікір білдіргендер арасында бұл жай қойылым екенін айтқандар да табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Не жетпейді осы саған", - делінген видеода.
Желі қолданушылары оқиғаның шын не жалған екенін айыра алмай отырғанын айтты:
Шын төбелес пе, өтірік хайп па? Ненің шын, ненің жалған екенін айыра алмайтын болдық қой... сосын таңғалмай қарап, өткізіп жіберіп отыра береміз.
Осыларға не жетпейді?
Кино түсіріп жатыр ғой.
Өтірік төбелес, шынайы төбелесте бір-бірін құшақтап жүрмейді ғой, аяқ кетеді ғой.
Киноға түсіп жатқан секілді ғой.
Пранк тағы.
Кейінірек әнші Жасұлан Базарбаев бұл оқиға клип түсірілімі кезінде болғанын айтқан.
"Екі қыз" әніне түсірілген клип қой", - делінген видеода.
Желіде пікір білдіргендер клип екеніне көңілі орнына түскенін айтқан:
"Бірден салмайсыздар ма, кешеден бері жерлесімді, Қайратты халық жексұрын қылып жатыр ғой, әлеуметтік желіде "шынымен, ішіп төбелесіп жатыр" деп. Құдайым-ай бұл клип пе?"
"Жолдасыма қоймаймын ғой "Қайрат біреумен төбелесіп жатыр, көрдің бе?" деп"
"Дұрыс болды, әйтпесе Қайратты "ішіп алып, төбелесіп" деп жатыр ғой".
Актер бұл видеоға қатысты пікір білдірді.
Ж. Қадыржанова"Желіде тарап кеткен видео туралы айтатын болсақ, ол - DIETA.KZ тобының өлеңіндегі бейнеклиптегі көріністен үзінді. Көбі "бұлар ішіп алған, әртістер құтырып жүр, әрине, құтырмағанда қайтеді?" деген секілді пікірлер жазып жатыр. Уайымдамасын, бәрі дұрыс, бұл - шығармашылық процесс кезінде болған түсірілім", - деді Қайрат Әділгерей.