- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Осыларды көрсем, жүрегім...
"Осыларды көрсем, жүрегім ауырады". 17 жыл құлдықта болған қыздардың өнері көпшілікті елжіретті
Фото:
Әлеуметтік желіден
17 жыл құлдықта болған қыздар қазір ем алып, хоббимен айналысып жүр. Соның ішінде Құндыз ән айтып шұғылданады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналист Руслан Өтепбай Құндыздың ән айтқан видеосын желіге жүктеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Құндыздың әнін бағалап жіберіңіздер. Ең сүйікті әні "Таңғы елес", - деп жазды журналист.
Көпшілік Құндыздың талантына таңдай қағып, лебізін білдірді. "Бұл қыздардың әрбір сәтіне қуанамыз ғой", "Осыларды көрсем, жүрегім ауырады", "жағдайы жақсарғанына қуаныштымын", "шамалы бойын тіктеп қалыпты", "әке-шешесі тірі болғанда тағдыры басқаша болар еді" деп жазды желі қолданушылары.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы