"Осыдан кейін қалай ұтыласыңдар?" Қазақстан - Словения матчы үшін шелпек пісірген әже көпшілікті сүйсінтті

"Осыдан кейін қалай ұтыласыңдар?" Қазақстан - Словения матчы үшін шелпек пісірген әже көпшілікті сүйсінтті
Фото: видеодан алынған кадр

Қазақстан мен Словения матчы үшін шелпек пісірген әже көпшілікті сүйсінтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны Қазақстан футбол федерациясы Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

"Әжеміз дайын. Жігіттер дайын. Сіздер дайынсыздар ма?", - делінген жазбада.

Видеоны түсірген ер адам әжеден "Шелпекті неге пісіріп жатырсың?" деп сұрайды.

"Футбол. Қазақтар ойнайды. Бүгін ойнайды. Сағат 1-де бастайды", - деп жауап береді әже.

Желі қолданушылары бұл видеоға "Жаным, әжека, дұғаңыз қабыл болып Еуроға өтсын командамыз", "Мына әжеміздің үмітін ақтамасандар, білмеймін енді", Жаным, апам, Алла Ниетіңізді қабыл етсін, жеңіс тілеп, дұғада отырмыз бәріміз", "Ақ тілегіңіз қабыл болсын, әже! Бүгін Қазақстанның футбол тарихындағы жаңа бет ашылады деген сеніміміз мол. 2 - 1 есебімен біздің жігіттер жеңеді Алла қаласа!", "Осыдан кейін қалай ұтыласыңдар?" деп пікір жазған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan national football team (@kff_team)

Айта кетейік, 21 қарашада түнде футболдан Словения мен Қазақстан ұлттық құрамалары "Н" тобындағы екінші жолдама үшін маңызды матч өткізеді. Люблянадағы ойын Астана уақытымен түнгі 01:45-те басталады. 

Матчты тікелей эфирде Qazaqstan және QazSport арналары көрсетеді. Сондай-ақ осы сілтемеге өту арқылы онлайн тамашалауға болады. 

"Н" тобында Дания құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама алып үлгерді. Екінші жолдама иесі осы ойында анықталады. Қазақстан үшін тек жеңіс керек, словендерді тең ойын да қанағаттандырады. Қазіргі таңда Словенияда – 19, Қазақстан құрамасында 18 ұпай бар. 

Люблянадағы ойынға поляк Шимон Марциняк бас төреші болады. Ол 2022 жылы өткен әлем чемпионатының финалындағы Аргентина мен Франция ойынына қазылық жасаған. 

Еуропа чемпионатына әр топтан екі құрама шығады. Қалған үш құрама Ұлттар лигасы арқылы анықталады. 

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтеді. Топтық кезеңде 24 құрама қатысады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан