Әкесін туған күнімен құттықтаған Ғаділбек Жаңайдың балалары жұртты елжіретті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоны әнші Instagram-парақшасына жүктеген. Әнші үйіне кірер кезде қыздары тортпен күтіп алған. Қыздарының бірі әкесіне ән арнаған.
"Мың алғыс әке баққаның үшін,
Еңбекпен нанды тапқаның үшін.
Бейнетіңнің зейнетін көрші,
Әкешім менің мақтанышым", - дейді қыздары.
"Осыдан артық не керек?", - дейді әнші.
Әншінің қыздарының бұл видеосы жұртты елжіретті.
"Дұрыс, осыдан артық не бақыт керек?!", "Мен, көөп әншілерді көрдім, сырттай. Осы Ғаділбек Жанай әншіні сыртынан намаз оқып жатқан жерінен, концерт залынан сырттай көріп, сондай таңқалдым. Жүзі нұрлы, иманы берік, шынайы, нағыз азамат екен. Содан бері, құрметім ерекше. Атағы жер жаратын, айға жеткен әншілермен салыстырғанда, бұл кісі бір жүзі нұрлы адам ғой. Туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыңызға амандық, творчествоңызға табыс, үлкен жетістіктер тілеймін! Әніңіз әр Қазақтың төрінде, тойында шырқала берсін!", "Міне нағыз бақыт, Алла періштелердің тілеуін қабыл етсін", - дейді Ғаділбектің оқырмандары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!