Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің әдетке айналған отбасылық қағидасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, марқұм күйеуі үйде ет асқанды жақсы көрген. Тележүргізуші мұны қазір де отбасылық дәстүрге айналдырғанын айтты.
"Тұрмысқа шығып, ас үйдегі тоңазытқыш пен ыдыс-аяқ өзіме тигенде Қайрекеңнің "бір жапырақ ет болсын асып қояйық" деген өтінішін әдетке айналдырдым. Әлі күнге дейін үйде ет асылып тұрады. "Қамырын салмасақ та, дастарқанда тұрған дұрыс. Балалар шетінен үзіп, сүйегін мүжиді, сіңірін созып жейді" дейтін. Суықтан тоңып кіргенде бойың жылып, жүрегің жібіп, отбасыңмен бас қосып, уақыт өткізуге бір себеп. Бала көргенін істейді ғой. Болашақта олардың да үйінде осы үрдіс жалғасса екен деймін. Келіндерім туысшыл, көпшіл болып, ет асып, қонақ шақырып, шаңырақты береке-бірлікке толтырса, оның несі жаман?!", – деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!