Танымал әнші Жазира Байырбекова мейрамханаға жануар кіргізіп, той жасайтындарды сынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ойын өнерпаз өзінің instagram парақшасына жазба жазып, жариялады.
"Қаладағы екіқабатты мейрамханаларға көтеріліп жүретін, аттарға қарағанда даладағы аттар бақыттырақ. Кеше Хамит інім ұлына сүндет той жасады. Аттарды мейрамханаға кіргізбей, атпен жүретін рәсімді сыртта көрсетті. Жарайсың, інім! Оңтүстікте сүндет той жасаса болды, аттарды қинап той залына кіргізеді. Осы көрініс маған ұнамайды. Аттарға жаным ашығаны-ай!", – деп жазды әнші.
"Шымкенттіктердің шығарып жүргені ғой", "Түйе кіргізген тойды да көрдік", "Қазақ жиған-тергенін тойға шашады", "Ерекше есте қалатын той жасағылары келіп, той иелерінің ойлап шығарғаны", "Қолға үйретілген ат болғандықтан, көпшіліктен қорықпайтын шығар", "Дұрыс айтады, тойға жануар кіргізу – дарақылық", – деп жазды олар.
Естеріңізге саламыз, бұған дейін тойханаға түйе кіргізіп, жұрттың сынына қалған видео әлеуметтік желіде тараған еді. Толығырақ сілтемеге өтіп көре аласыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!