Танымал журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мектеп бітірген ұлына арнап жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Не деген харизма. Анасының парақшасында міндетті түрде сақталуы тиіс видео. Өткенде 30 жылдық кездесуге видео жасаймыз деп, бір де бір фото/видео таппадық. Ол кезде ұялы телефон деген енді шығып жатқан. Сақтамағанбыз ғой ешқайда. Кейін Сага менің парақшамнан алар. Аттестатын алып, емтихандарын сәтті тапсырып шыққан түлектерімізге кішігірім дастарқан жайдық. Аллам тіл-көзден сақтасын! Білім мен шығармашылықты қатар ұстаған, тәрбиені биік қойған ұстаздарымызға алғыс! Балам, осы қалпыңнан таймашы бастысы! Жүрегіңнің кеңдігі - жарқын болашағыңның кепілі болғай", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Желі қолданушылары журналистің ұлына жылы лебіздерін арнап, ақ жол тіледі.
"Керемет. Жалынды жастар көп болсын!", "Әкесі Қайрекең, анасы Ләйлә болса, әрине, харизматичный жігіт болады", "Не деген жан-жақты жігіт өзі, білімді, парасатты, сұлу, биші. Болашағы жарқын болсын, бағындырар белестері көп болсын, ұрпағы ғөп болсын", "Жолдары ашық болсын, болашақтары жарқын болсын! Жалындаған жастық шақ жетелесін асқақ арманға", "Құтты болсын! Балаңыз өте сұлу. Елдің азаматы болсын! Өміріне ақжол, Ләйлә ханым", - деп жазды олар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз