Суретші және саяхаттаушы Ернар Алмабек Алматы облысындағы ауыл жайлы әсерлі видео жариялады. Желі қолданушылары бұл ауылға ғашық болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ернар Алмабек өзінің инстаграм-парақшасында видео жариялады. Керемет кадрлар желі қолданушыларын бірден баурап алды.
Видеоға 400-ден аса пікір қалдырылған. Олардың барлығы дерлік бәрін тастап, осы ауылға барғысы келетіндерін жазған.
"Не деген сұлу табиғат! Қалай барып көруге болды?", "Теңеуге сөз таппайтындай сұлулық. Еліміздің керемет ғажап жерлерін сізден көріп отырамыз", "Шынымен осындай жер бар ма?", "Шіркін-ай, осы ауылда тұрғым келеді", "Мынадай керемет табиғат тұрғанда Швейцария не керек", - деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.
Бұл ауыл Алматы облысында, Кеген ауданында орналасқан. Ауыл Тоғызбұлақ деп аталады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз