- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Осы 6 белгіден...
Осы 6 белгіден кейін алкоголь ішуді дереу доғарыңыз
Қуанышттың барлығын "бір стакан алып қояйық" деп тойлайтын қазіргі қазақ қоғамында алкогольды сусындар қарапайым шырындармен қатар тұратыны жасырын емес. Ал алкогольды жиын-тойда іштіңізбе немесе көшеден сатып, үйде жатып іштіңізбе келтірер зияны тым көп. Әр адам ащщы сусынға деген тәуелділіктің тұрақты шегін білуі тиіс. Әйтпегенде, алкоголь сіздің миыңызды бұза бастайды, деменция қаупін бірнеше есе арттырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru сайтына сілтеме жасап.
Осыған дейінгі зерттеулер алкогольдың адамның бүкіл денесіні зиянды әсер ететіні дәлелденді. Тіпті адам сыра немесе шампан секілді жеңіл сусындарды тұтынсада ағзаға кері әсері тым көп. Бірінші кезекте асқазан-ішек жолдары, иммунитет, эндокриндік және дененің басқа жүйелері зардап шегеді. Сондай-ақ кез-келген алкоголь біздің миымызға зиянды әсер етеді.
Ғалымдар ұзақ уақыт бойы алкоголь деминацияның, яғни адамның ой өрісінің әлсіздігі мен психиканың ауытқуына басты себеп деген пікірге келді. Бұл дауасы жоқ ауру деуге болады. Адам өзін-өзі жоғалтады, оның миы қоршаған ортадағы құбылыстарды қабылдамайды, кейбіреулері жақындарын танымайды, тіпті өзінің рефлексиясын да білмейді.
Фото:elements.envato.com
"Егер адам үнемі алкоголь ішсе, бұл олардың ми қыртыстарына әсер етпеуі мүмкін. Мұның бәрі алдымен есте сақтау қабілетінің біртіндеп нашарлауынан басталады. Содан кейін адам ақыл-есінен айырылып, адам деменцияны бастайды", - дейді Альцгеймер қоғамы.
Мидағы деструктивті процестер басталғанын қалай түсінуге болады? Сарапшылардың пікірінше келесі алты белгіні есте сақаңыз:
- Сізге жан-жағыңызға алаңдамай, белгілі бір дүниеге толықтай назарыңызды аударту өте қиын;
- Басыңыздағы мәселерді шешу, жоспарлау немесе бір нәрсені ұйымдастыру қиынды тудырады;
- Нақты мақсат қойып, нақты шешім қабылдай алмайсыз;
- Өзіңіз жақсы көретін іс-әрекеттерге мотивацияңызды жоғалттыңыз;
- Эмоцияларды басқара алмай қиналасыз, жиі ашуланасыз немесе азап шегесіз;
- Сізге басқа адамдарды түсіну қиын, олардың эмоциялары мен реакциялары ойыңызда көптеген сұрақтар туғызады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Зинешов