Жыл басынан бері елімізде жеке тұлғалардың банктік депозиттерінің көлемі 10,8 пайыз өсті. Қазан айының соңында салым 18,8 трлн теңгеге жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Finprom.kz мәлімдеуінше, жыл басынан бері 21 банктің 18-інде халықтың салымдары артты. Жылдан-жылға өсу байқалады.
"Жеке тұлғалардың депозиттері көлемінің серпіні жылдан жылға оң болып отыр. Бұл халықтың депозиттерге деген сұранысын және банктерге деген сенімінің артқанын көрсетеді. Осылайша, жыл ішінде депозиттер көлемі 24 пайыз өсті", – деп жазды басылым.
Қазақстан банктеріндегі депозиттердің басым бөлігі мерзімді депозиттер – 76,4 пайыз. Екінші орында жинақ салымдары (7,7 пайыз). Үшінші орында қазіргі шоттар (15,6 пайыз) тұр. Жалпы көлемнің шағын үлесін талап етуге дейінгі салымдар (0,3 пайыз) және шартты салымдар (0,02 пайыз) алады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!