- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өскемендік тұрғын көршісін...
Өскемендік тұрғын көршісін алдап, үйін сатып жіберген
Өскеменде әйел психикалық ауытқуы бар көршісін алдап, үйін сатып жіберген. Алаяқ 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, - деп хабарлайды Рolisia.kz.
Полицейлер мәліметінше, әйел ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат түлегімен көрші болған. Оның психикалық ауытқуы болған. Ол интернатта тұрғанда ақша жинаған, шотында асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы болған. Бұл қаражат Өскеменнің орталығынан отбасылық жатақханадан бір бөлме алуға жеткілікті болған. Мектеп-интернат өкілдері көршісінен жігітке қарауын өтінген, бірақ әйелдің басқа жоспары болған.
"Ол жігіттің көп мөлшерде қарызы бар деп алдаған. Нәтижесінде, оның атына сенімхат жазып, үйін сатып, одан түскен ақшаны сыбайласымен бөліп алған. Сонымен қатар, жігіттің банк картасын иемденіп, мүгедектік бойынша түскен жәрдемақысын - 114 мың теңгені жымқырған", - делінген хабарламада.
Полиция алаяқты банкоматтың бақылау камералары арқылы анықтаған. Сот әйелді 2 бап бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныған.
Ж. Қадыржанова"Қазір сотталушымен Левобережный ауданының пробация қызметінің психологтары жұмыс істеп жатыр. Ол 3,6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот шешім қабылдау кезінде оның балалары бар екенін ескерді. Сотталушыға пробация қызметіне хабарламай, тұрғылықты жері мен жұмысын ауыстыра алмайтыны түсіндірілді. Жазаны өтеу мерзімінің тәртібі бұзылған жағдайда жазаны қатайту қаупі төнеді", - дейді Левобережный ауданы пробация қызметінің аға инспекторы Алуа Қамитова.