Өскемендегі зауытта жарылыс болды: зардап шеккендер іздестіріліп жатыр

Өскемен тұрғындарын аспанға көтерілген қою түтін үрейлендірді. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрлардан қалың түтінді көруге болады. Желі қолданушылары жарылыс болуы мүмкін екенін болжаған.

ТЖМ зауыттардың бірінің аумағында шаң жинау қондырғысында жарылыс болып, соңы өртке ұласқанын, кейбір жерлер опырылғанын хабарлады.

Алғашқы бөлімшелер келген кезде ашық жалын анықталған. Оқиға орнында ТЖМ бөлімшелері жұмыс істеп, зардап шеккендерді анықтау үшін барлау жүргізіліп жатыр. Жедел штаб құрылған. Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!