Өскеменде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде екінші қабаттағы пәтерде өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар департамент қызметкерлері баспалдақ маршымен бес адамды, оның ішінде бір баланы құтқару қалпақтары арқылы эвакуациялады.
Осылайша, тұрғындарды түтін аймағынан таза ауаға шығарды. Тәжірибелі өртсөндірушілер өрттің таралуына жол бермей, оны 35 шаршы метр алаңда жедел сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!