Шағымды қаладағы №15 орта мектеп оқушысының ата-анасы анонимді түрде түсірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құзырлы мекеме өкілдері call орталық арқылы "сыныптағы жөндеу жұмыстары үшін ақша жинап жатыр" деген ақпарат алыпты. Ал бұның Қазақстан Респуликасы "Білім туралы" Заңының 63-бабын бұзу болып саналатыны айтты.
"Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан мектеп басшылығына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ақша жинау туралы бастаманы ата-аналардың бірінің көтергені анықталды. Оқушылар мен педагогтерден ақша жинауға заңнама жүзінде тыйым салынған" – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Денис Шакенов.
Жиналған ақша ата-аналарға қайтарылған. Осы іске кінәлі жауапты тұлғалар "сөгіс алу" түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.
Асыл Бигелді
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!