Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазцинк" ЖШС аумағындағы өрт оқшауланғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, зардап шеккендерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
"Алдын ала мәлімет бойынша 4 адам медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиға орнына 40 адам мен 10 техника жұмылдырылды. Өрттің жалпы ауданы анықталып жатыр. ТЖМ жанынан жедел штаб құрылды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін ТЖМ зауыттардың бірінің аумағында шаң жинау қондырғысында жарылыс болып, соңы өртке ұласқанын, кейбір жерлер опырылғанын хабарлады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова