Өскемендегі жарылыс: тағы бір адам көз жұмды

Өскемендегі жарылыс: тағы бір адам көз жұмды
Фото: Видео кадры

Өскемендегі "Қазмырыш" зауытындағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір адам ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"5 мамырда Өскемен металлургия кешенінде болған жазатайым оқиға салдарынан ауыр жарақат алып, зардап шекен қызметкерлердің бірі бүгін түнде ауруханада көз жұмды", - деп жазылған компания хабарламасында.

Компания марқұмның жақындарына және қызметкерлерге қолдау көрсетіліп жатқанын мәлімдеді. Қазір тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, 5 мамырда таңертең "Қазмырыш" ЖШС аумағында шаң жинау қондырғысында жарылыс болып, арты өртке ұласты. Сонымен қатар, нысанның бір бөлігі опырылды. 

Алғашында өндірістегі төтенше жағдай салдарынан екі адам қаза тауып, бес адам жарақат алғаны хабарланды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget