Өскеменде күрделі құтқару операциясы жүргізілді. Құтқарушылар гараждың қарау шұңқырынан бетон тақта басып қалған адамды құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ШҚО ТЖД сілтеме жасап.
Өскеменде ер адам Б. Момышұлы көшесінің бойында орналасқан гараждың бақылау шұңқырына құлап, оны бетон тақта басып қалды.
ШҚО ТЖД қызметкерлері жедел көмекке келді.
"Оқиға орнында полиция қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар көмектесуге тырысты. Гидравликалық құралдың көмегімен құтқарушылар ауыр жабынды көтеріп, ер адамды абайлап шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды", - деді ТЖД.
Төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу керек.
Тағы да оқи отырыңыздар: Тіс пастасы неден жасалады?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз