Өскеменде зираттарды бүлдірген екі ер адам ұсталды

Өскеменде зираттарды бүлдірген екі ер адам ұсталды

Өскемен қаласында зираттарды бүлдірген екі ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Өскеменде тәртіп сақшыларына зираттағы вандализм дерегі туралы ақпарат түскен.

"Белгісіз біреулер "Аблакетка" шағын ауданындағы зиратқа зақым келтірген. Жедел іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері күдіктілердің кім екенін анықтады. 23 және 30 жастағы екі ер адам полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ұсталғандар өз кінәларын мойындады", - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 294-бабы 1-бөлігіне сәйкес соталды тергеу амалдары басталды. Олардың зиратты не себепті бүлдіргендері әзірге белгісіз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова