- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өскеменде іздеуде жүрген...
Өскеменде іздеуде жүрген тұрғын ұсталды
Өскеменнің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері іздеуде жүрген 30 жастағы қылмыскерді ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ұсталған тұрғын бұған дейін ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігімен ("Адам өлтіру") сотталған.
Сот қаулысына сәйкес, ол қалған өтелмеген мерзімге шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, алайда тұрғылықты жеріне келмеген, сәйкесінше оған Өскеменнің №2 сотының қаулысымен іздестіру жарияланды.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысындағы құқық қорғау органдары іздестіруде жүрген 40 қылмыскерді ұстаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан