Өртсөндірушілер Өскемен қаласында шыққан өртті сөндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Малдыбаев көшесінде орналасқан конденсатор зауыты аумағында өрт шыққан. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде екі қабатты қойманың шатыры жанып жатқаны анықталған.
Өртсөндірушілер дереу іске кіріскен.
"Жедел әрі үйлесімді әрекеттің арқасында өрт 720 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!