- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өскеменде темекінің кесірінен...
Өскеменде темекінің кесірінен өрт шығып, 4 адам қаза бола жаздады
Өскеменде түнде Назарбаев көшесінде жеке тұрғын үйден өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
"Оқиға орнына өртсөндірушілер келді. Құрылған газ-түтіннен қорғау қызметінің екі бөлімі барлау жұмыстарын жүргізді. Алдымен қатты түтін басқан үйден екі тұрғын шығарылды, олар үйде әлі адамдар барын айтқан, құтқарушылар кейін тағы екі адамды алып шықты. Барлығы 4 адам құтқарылды - 1987 жылы туған бір әйел және 1974, 1982 және 1988 жылы туған үш ер адам. Дәрігерлер зардап шеккендерді тексерді, олар ауруханаға жатудан бас тартты. 90 шаршы метр аумақта болған өрт толығымен сөндірілді. Өрттің шығуына абайсыздық себеп болды", - деп хабарлады ТЖД.
Сөндірілмеген темекінің кесірінен веранда өртеніп, кейін жалын әп-сәтте үйдің шатырына жайылғаны хабарланды.
"Жалпы өртті сөндіруге жеке құрамның 19 адамы мен 5 техника жұмылдырылды.
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, отқа абай болмаудан өрттер көбіне адамның жауапкершілігі жоғына байланысты", - деп толықтырды министрлік өкілдері.
Төтенше жағдайлар департаменті ашық отты қараусыз қалдырмауды ұсынады.Төсекте темекі шегудің зиянды әдетіне, әсіресе мас күйінде, жазатайым оқиғалар мен өртке әкелетініне ерекше назар аудару керек.
ШҚО ТЖД хабарлайды: өрт анықталған жағдайда дереу 101 немесе 112 телефондары арқылы хабарлаңыз. Диспетчерге нақты мекенжайды айтыңыз, не болғанын айтыңыз, пәтерден немесе үйден дереу кетіңіз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек