Өскеменде студенттер жатақханасында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖМ мәліметінше, 30-шы гвардиялық дивизия көшесінде орналасқан студенттер жатақханасының тоғызыншы қабатындағы бөлмеден өрт шыққан.
Жатақхана әкімшілігі тұрғындарды жедел эвакуациялау шараларын ұйымдастырған. Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері жедел түрде өртті сөндіруге кіріскен.
"Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің арқасында өрт таралуына жол берілмей, 16 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!