Өскеменде сотталған ер адам көлікті үйге айналдырып алған

Өскеменде сотталған ер адам көлікті үйге айналдырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Өскеменде Made in Oskemen - тауар өндірушілердің көрмесі өткен. Ауқымды іс-шарада кәсіпкерлер өз өнімдерін көрсетті. ШҚО колонияларының базасында бүгінде  ағаш, металл, темірбетон бұйымдары өндіріледі.

Сондай-ақ көліктерге сырлау жұмыстары жүргізілетін техникалық қызмет көрсету станциясы бар. Осылайша, жәрмеңкеге қатысушылардың қатарында түзеу мекемесінің аумағында өз кәсіптерін ашып, жазасын өтеп жатқандарды ақылы жұмыспен қамтамасыз етіп отырған жеке кәсіпкерлер де болды.

Фото: Polisia.kz

Көрмеге келгендер толық реставрациядан өткен көлікті көріп таңғалған. XX ғасырда жасалған УАЗ автокөлігі үйге айналған. Салонда керектің бәрі бар, тіпті екі адам сиятын төсек те қойылған.  


Фото: Polisia.kz

Сонымен қатар, көрмеде сотталғандар жасаған өзге де қызық заттар - қораптар, шахмат, нарды, астау және музыкалық аспаптар таныстырылды. Барлық өнім облыс тұрғындарының арасында үлкен сұранысқа ие.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!