- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өскеменде секс-притон әшкере...
Өскеменде секс-притон әшкере болды
Өскеменде боди-массаж салонының заңсыз қызметі жойылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Өскемен қаласындағы салондардың бірінде жеңгетайлық фактісін анықтаған. Онда жұмысшылар жалпы массажды желеу етіп, боди-массаж деп аталатын эротикалық сипаттағы интимдік қызметтер көрсеткен.
Қызмет құны 15-20 мың теңге аралығында болған. Бұл дерек бойынша 39 жастағы мекеме әкімшісі ұсталды, ол интернет-сайттардың көмегімен клиенттерді тауып отырған.
Оқиға орнынан клиенттің өзіне көрсетілген интимдік қызметі үшін төлеген ақшасын тәркілеген. Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 309-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы бапқа сәйкес әйелді мүлкін тәркілей отырып, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалуы мүмкін.
Сонымен қатар, басқа қаладан жұмыс істеуге келген 18 бен 31 жас аралығындағы салонның 4 қызметкері де ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина