• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Өскеменде сәбиін қоқысқа тастаған әйелге қылмыстық іс қозғалды

Өскеменде сәбиін қоқысқа тастаған әйелге қылмыстық іс қозғалды
Фото: depositphotos.com

Өскеменде қоқыс зауытынан жаңа туған шақалақтың денесі табылған болатын. Жарық дүние есігін ашпай жатып бақилық болған сәбиді жұмысшылар тауып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. 

Баласын тастап кеткен ана ұсталды. 44 жастағы әйел жалдамалы пәтерде ешқандай медициналық көмексіз босанған. Жүкті кезінде есепке де тұрмаған.

Қазір бес баланың анасы алтыншы нәрестесі өлі туылғанын айтып ақталып отыр. Сондықтан ол сәбидің денесін ауладағы қоқыс жәшігіне тастаған.

Қазір күдікті медициналық тексерістен өткізу үшін ауруханаға жеткізіліп, бала өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында баланың анасы табылды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді полиция.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget